Жарияланды: 690

Лисаковск қаласының бас жоспарының жобасына экологиялық-археологиялық аймақ та енгізілді

Лисаковск. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қоғамдық бірлестіктер жасап жатқан Лисаковск қаласының бас жоспарының жобасына экологиялық-археологиялық аймақ та енгізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениетінің мұражайы қызметкерлеріне сілтеме жасап.

"Археологиялық парк аумағында бизнес нысандары үшін орын қалдырылған. Тек мұражай кешені ғана онда мемлекеттің иелігінде болмақ. Оның жанында "этнографиялық ауыл" орын тебуі мүмкін. Ол жерге келгендер балаларға арналған темір жолмен немесе жаяулата бейнебір "уақытқа саяхаттап қайтқандай" болады: қолөнершілердің сувенир сататын жаймаларын аралап шығып, сосын уақытқа сай өзгеше әрленген дәмханаға бас сұғады", - деді мұражайдың жетекші ғылыми қызметкері Александр Суслов. Сөйтіп, археологиялық туризм мен ескерткіштерді дамытуға кәсіпкерлер де атсалыспақшы. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін