Мәдениет министрлігі халықаралық конкурсқа қолдау көрсетеді
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі «Орталық Азия және Корея елдерінің мифтер, ертегілер мен батырлар жырларының тақырыптары бойынша жазылған сценарийлердің халықаралық конкурсына» қолдау көрсетеді, |
деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Конкурс ұйымдастырушысы Корея Республикасының мәдениет, спорт және туризм министрлігі. Бұл шара «Сказительское искусство» («Жырлау өнері») атты Орталық Азия мен Корея Республикасы елдерінің халықаралық комитетінің іс-шаралар шеңберінде өтеді. Конкурс ережесін Мәдениет министрлігі сайтының (www.mk.gov.kz) «Шығармашылық конкурстар» рубрикасынан табуға болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін