Мәдениет министрлігіндегілер Қазақстанда көрермендердің ұлттық киноға деген қызығушылығы арта түскенін айтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәдениет министрлігіндегілер Қазақстанда көрермендердің ұлттық киноға деген қызығушылығы арта түскенін айтады

Мәдениет министрлігіндегілер Қазақстанда көрермендердің ұлттық киноға деген қызығушылығы арта түскенін айтады

Қазақстанда көрермендердің ұлттық киноға деген қызығушылығы арта түсті, деп есептейді ҚР мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

  • 26 Шiлде 2011
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Соңғы жылдары киноиндустрия саласының дамуы байқалады. Прокаттағы қазақ киносының үлесі артып, көрермендердің оған деген қызығушылығы да өсе түсті», — деді министр сейсенбі күні үкіметтегі отырыста.

Оның айтуынша, мұншама қызығушылық тәуелсіздіктің барлық өткен жылында да байқалмаған.

«Тек қана 2011 жылы экранға 10 толық метражды кинофильм шығады», — деп мәдениет министрлігінен хабарлады.

Оның айтуынша, биыл 4 фильмнің таныстырылымы өтті де. Олар: «Небо моего детства», «Супер Баха», «Ликвидатор» және «Жерұйық» фильмдері. Тамыз айында елімізде тұңғыш рет 3Dформаттағы Егор Кончаловскийдің «Возвращение в А» фильмінің жалпыұлттық тұсаукесері өтеді. Ал қыркүйек айында Жерер Депардьенің қатысуымен «Мой грешный ангел» филінің таныстырылымы өтеді.

М. Құл-Мұхаммед сондай-ақ қарашада «Қазақ елі» атты 25 сериялық анимациялық фильмнің таныстырылымы өтетінін жеткізді. Министр сонымен қатар «Қазақфильмнің» цифрлық кітапханасы жасалып жатқанын айтты.

Оның мәліметтерінше, «Қыз Жібек» филімі цифрланып, «Наш милый доктор» өндірісте, «Менің атым Қожа» атты фильм кезекте тұр.

«Қазақстандық фильмдер соңғы жылдары шетелдерде көрсетіле бастады. Соңғы 2 жылда 40 қазақстандық картина 22 мемлекеттегі 27 кинофестивальге қатысты», — деп атап өтті министр.

Соңғы жаңалықтар