Жарияланды: 2900

Майкл Джексон кейпіндегі Жүсіп Ақшора "Егіз Лебіз" жобасының жеңімпазы атанды (ВИДЕО)

Майкл Джексон кейпіндегі Жүсіп Ақшора "Егіз Лебіз" жобасының жеңімпазы атанды (ВИДЕО)

Қазақстан ұлттық арнасында "Егіз-лебіз" жобасының екінші маусымы аяқталды.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Жобаның ортасында табан астында Жүсіп Ақшораның жұбы болып келген әнші Жігер Ауыпбаев аз уақыттк табандылық көрсетіп барлық сайыста көрерменнің қолдауымен ең жоғары көрсеткішті көрсетіп келді.

Гранд-финалда әлемге әйгілі Майкл Джексонның кейпінде өнер көрсеткен жұп жоба жеңімпазы атанды.

Қазылар алқасы да, көрермен де шоудың шоуын жасады деп бағалады. 
Нәтижесінде Жігер Ауыпбаев пен Жүсіп Ақшора бірінші орынды алып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Инстаграм әлеуметтік желісінде бірқатар әріптестері мен жанкүйерлері толассыз құттықтаулар жазып жатыр. 

Соның әшінде әнші Сәкен Майғазиев:

"Барлығың жеңімпазсыңдар! Барлығың мықтысыңдар! Жігертай және Жүсіп аға шын жүректен құттықтаймын! Лайықтысыңдар",-деп жазба қалдырды.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін