Майкл Мэдсен Астанаға Стингтің келмеуіне қатысты өз пікірін білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Майкл Мэдсен Астанаға Стингтің келмеуіне қатысты өз пікірін білдірді

Майкл Мэдсен Астанаға Стингтің келмеуіне қатысты өз пікірін білдірді

Экшн-фильмдердің «Астана» халықаралық фестиваліне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Голливуд әртісі Майкл Мэдсен бүгін журналистерге баспасөз мәслихатын беріп, онда Стингтің Астанаға келмеуіне қатысты өз пікірін білдірді.

  • 5 Шiлде 2011
  • 653
Фото - Caravan.kz


М.Мэдсенмен сұхбат барысында журналистер одан әлемдік әнші Стингтің Астананың туған күні құрметіне қоюы керек болған өзінің жеке концертінен не себепте бас тартуына қатысты өз пікірін білдіруді сұрады.

«Мен жалпы, актерлар, әншілер немесе басқа да атақты тұлғалар саясатқа араласа бастауына қауіппен қараймын. Себебі, олар өздерінің қандай да болмасын пікірлері қоғам үшін маңызды деп санайды. Олар көңіл көтеру саласында «салмақтары» болғандықтан өздерін биік ұстайды. Мен әрине, Стингтің нақты қандай көзқарастары бар екенін білмеймін. Сондықтан, оған қатысты пікір айта алмаймын.Жалпы мен Стингтің концерт беруден бас тартқаны туралы бұрын-соңды естімеппін. Мүмкін, оған өзі туралы жарнамалық билбордтар (ред. — Астана көшелерінде орнатылған) ұнамаған шығар», — деп ойын қалжыңмен аяқтады актер.

Майкл Мэдсен 1958 жылы Чикагода туған. Актерлікке келгенге дейін ол өнерден алыс өзге бірқатар мамандықтар бойынша жұмыс істеді. Ол сырлаушы, автомеханик, «жедел жәрдемде» санитар және жанармай құю стансасында жұмыскер болды. Ол көрермендерге «Бешенные псы», «Город грехов», «Убить Билла» фильмдері арқылы таныс.

Еске салайық, Астана күнін атап өту шеңберінде осымен екінші рет өткізіліп отырған Экшн-фильмдердің «Астана» халықаралық фестивалі 1 шілде күні ашылды. Фестивальдың салтанатты ашылуы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Биыл фестивальға Голливудтың белгілі кино жұлдыздары Стивен Сигал, Мишель Родригез, Майкл Мэдсен және Арманд Ассанте, ресейлік Дмитрий Нагиев, Николай Валуев, Марат Башаров, Егор Кончаловский, Сергей Светлаков, Гоша Куценко, Екатерина Стриженова, Виктор Вержбицкий келді. Қазақстандық кино өнерінің майталмандарынан Досқан Жолжақсынов, Асанәлі Әшімов, Венера Нығматулина, Ерік Жолжақсынов, Фархат Әбдраимов және басқалар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар