Махамбет күйлерін орындаушылардың жеңімпазы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Махамбет күйлерін орындаушылардың жеңімпазы анықталды

Махамбет күйлерін орындаушылардың жеңімпазы анықталды

Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының залында Махамбет күйлерін орындаушылардың аймақтық байқауы мәреге жетті.

  • 4 Маусым 2012
  • 673
Фото - Caravan.kz

Байқаудың жабылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен қатысушыларға алғыс-ықыласын білдіріп, мұндай шараның Махамбет мұрасын насихатттауда маңызы зор екенін атап көрсетті.

Аталмыш күй сайысында қазылар алқасының шешімі бойынша Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыка колледжінің 4 курс студенті Жарыс Сатыбалдиев жеңімпаз атанды. Оған ақшалай сыйлыққа қоса белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұяқбай Рысбеков белгілеген тарихшы, махамбеттанушы Исатай Кенжәлиев атындағы жүлде — плазмалық теледидар табыс етілді. Екінші орынды Атыраудан Дина Нұрпейісова атындағы музыка академиясының студенті Асылхан Жоламанов пен Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының домбырашысы Ақылбек Бектасов бөлісті. Оларға М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті атынан да жүлделер берілді. Маңғыстау өнер колледжінің студенті Нұрхан Мұқат, Құрманғазы атындағы Орал музыка колледжінің шәкірті Ерлан Сертеков, атыраулық Ерболат Хайроллаев үшінші орынға ие болды. М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дан Азамат Қалиев, атыраулықтар Серік Әлібек пен Қайрат Жұмағалиев, оралдық Арман Қадыралиев ынталандыру сыйлықтарын еншіледі. Барлық қатысушыларға алғысхаттар табыс етілді.

Қазылар алқасының мүшесі, Құрманғазы атындағы музыка колледжі директорының орынбасары Нұржан Сертековтің айтуынша, байқауға қатысушы жастар жақсы әзірленіп келген. Соның ішінде Оралдан басқа атыраулықтарды ерекше айтуға болады.

Соңғы жаңалықтар