Маңғыстау облысында мұражай қызметкерлері арасында тұңғыш байқау болып өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында мұражай қызметкерлері арасында тұңғыш байқау болып өтті

Маңғыстау облысында мұражай қызметкерлері арасында тұңғыш байқау болып өтті

Маңғыстау облыстық тарихи - өлкетану мұражайы өз әріптестері арасынан "Үздік мұражай қызметкері" деген атаққа лайық адамдарды анықтау үшін алғаш рет арнайы байқау ұйымдастырды.

  • 2 Маусым 2003
  • 1039
Фото - Caravan.kz

Байқауға облыстағы барлық мұражай өкілдері қатысты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі .

Байқау шартына сәйкес оған қатысушылар Маңғыстау тарихы мен табиғатына қатысты сұрақтарға жауап беріп, мұражай аралау кезінде туындайтын әртүрлі қиын жағдайлардың шешімін табумен қатар, мұражай мұрағаттарына ғылыми суреттеме жасап, өздерінің әртістік қабілетін ортаға салуға тиіс болатын.
Байқауға қатысушылардың білік-қабілетін Жаңаөзен өлкетану мұражайының директоры Қуандық Бекмағамбетов, Форт-Шевченко қаласындағы мұражай-кешенінің бас сақтаушылары Нұрия Сүйінова мен Ғалия Жантемірова секілді білгір мамандардан құралған қазылар алқасы бағалады.
Өлке тарихынан жан-жақты хабардар екенін паш еткен Маңғыстау аудандық тарихшы Әділ Шамғұлов байқаудың жеңімпазы атанды.
Маңғыстау өңіріндегі қасиетті орындарды жеттік білетіндігімен көзге түскен Бейнеу мұражайының қызметкері Ахмет Домбаяқов екінші орынды иемденді.
Ал Форт-Шевченко қаласындағы мұражай-кешеннің бөлім бастығы Базаргүл Жолдыбаева үшінші орынды жеңіп алды.
Байқау жеңімпаздарына ескерткіш сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар