Мақсат Базарбаев “МұзАрт” тобына қайтып келді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мақсат Базарбаев “МұзАрт” тобына қайтып келді

Мақсат Базарбаев “МұзАрт” тобына қайтып келді

Әнші Мақсат Базарбаев “МұзАрт” тобына қайтып келді. Ол ары қарай бірге өнер көрсетпесе де, аталған топтың 15 жылдық мерейтойында жігіттермен қосылып ән салмақ.

  • 17 Маусым 2016
  • 870
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

2001 жылдың сәуір айында құрылған топта алғашқы жылдары  Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев және Мақсат Базарбаев өнер көрсетті. 2005 жылы топ құрамындағы Мақсат Базарбаев жеке әншілікке бет бұрып, топтан кетті. Әншінің бұл әрекетін тыңдармандары түрліше түсінді. Бірі “Мейрамбекпен гонорарға бола ренжісті” десе, енді бірі Базарбаев мінезінің шатақ екенін айтты.

Осылайша 2005 жылы топқа Кенжебек Жанәбілов алынды. Мұнымен қатар, 2008 жылы “МұзАрт” тобының құрамы жанды дауыста ән шырқау мақсатында  аспаптармен сүйемелдейтін музыкашылармен толықты.


Бүгінде қазақ эстрадасының көгінде жұлдыздары жарқырап, көрерменнің көзайымына айналған “мұзАрт” тобының құрылғанына 15 жыл толды. Топ есепберу концертін өткізіп, бас қаламыздың мәдени ошақтарында тыңдармандарымен қауышпақ. Концертте жігіттермен бірге “МұзАрттың” экс-солисі Мақсат Базарбаев ән салатын болады.

Соңғы жаңалықтар