Жарияланды: 590

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

«Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Павлодарда қазақтың ұлы ойшылы, философ, тарихшы, этнограф Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өмірі туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті,

деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

 Бұл туралы деректі фильмнің режиссері, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының иегері, халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының бас директоры Доқтырхан Тұрлыбек хабарлады. Деректі фильмнің режиссері Доқтырхан Тұрлыбектың айтуынша, туынды шет елде түсірілген.

«Мәшһүр Жүсіп бабамыздың ғұмыры жайлы туынды Ташкентте түсірілді. 40 минуттық бейнебаянды түсіруге бес миллионға жуық қаражат кетті. Қаражататтың бір бөлігін зиялы қауым өкілдері мен ұрпақтары бөлсе, ал негізгі бөлігін өз мойынымызбен көтердік», - деді Д. Тұрлыбек. Деректі фильмді түсіру жұмыстары екі жарым жыл бұрын бастау алған.

Алайда режиссер бұл туындыға көңілінің толмай отырғанын жеткізді.

«Павлодар қаласында деректі фильмнің тұсаукесері барысында жаңадан ойлар келді. Мәшһүр Жүсіп бабамыздың шығармашылығы мен өмірін зерттеумен айналысып жүрген ғалым-жазушылардың пікірін қосуды жөн санадым. Келер жылы деректі фильмді толықтыру жұмыстарын бастаймын. Нақтырақ айтқанда, философтың еңбек еткен жерлерін де бейнебаянда қамту жұмыстары қарастырылады. Осы мақсатта түсірілім Омбы, Қазан қалаларында жалғасын таппақ», - деді халықаралық телестудияның бас директоры Д. Тұрлыбек.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әулиелік қыры да елге мәлім. Өз заманында өмір сүріп-ақ бүгінгі күні «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман болады» деп болжам айтқан. Сондай-ақ ғұлама "»Мен өлген соң, 40 жылға дейiн денем бұзылмайды, тiрi адам көзi көредi. Тек жаздың ыстық айларында ақыретiмдi айырбастап отырыңдар, қыста қажетi жоқ. Сонда көздерiң жетедi», - деп өсиет айтыпты. Әулиелік қасиетке ие болған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 73 жасында дүниеден өткен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін