Жарияланды: 520

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры 85-ші маусымын аяқтады

Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры кеше 85-ші театр маусымын "Абай" трагедиясымен жауып, кезекті еңбек демалысына кетті.

"Бұл Мұхтар Омарханұлының "Абай" қойылымының біздің театрдағы 4-қойылымы. Бұған дейін оны 1940 жылдары Асқар Тоқпанов, 1950 жылдары Әзірбайжан Мәмбетов қойған еді. Бұл жастарға арналған жаңа нұсқасы. 85-ші театр маусымында шығармашылық ұжым "Тендерге түскен келіншек", Жаужүрек", "Күлеміз бе жылаймыз ба?", "Үйлену" деген жаңа шығармалар мен "Еңлік-Кебектің" жаңа нұсқасын көрермен назарына ұсындық", - дейді театр директоры және көркемдік жетекшісі Есмұқан Обаев. Оның айтуынша, өткен маусымда театр Түркияға гастрольдік сапар жасады. Демалыстан оралған соң бір айдан кейін қайта жиналып, 15 қыркүйектен бастап Өскемен, Семей қалаларының тұрғындарына өз өнерін ұсынбақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін