Жарияланды: 410

М.Әуезов театры Астана қаласына гастрольдік сапармен келеді

10-12 маусымы аралығында Астана қаласындағы К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған гастрольдік сапары өтеді. Гастрольдік сапар аясында театрдың репертуарында табысты көрсетіліп жүрген 3 қойылымы, атап айтқанда Шахимарден мен Қ. Ысқақтың «Қазақтар» тарихи трагедиясы, Б. Жакиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпай» драмасы және М. Әуезовтың «Абай» трагедиясы Астана көрермендеріне ұсынылады. Қойылымдар 18.30-да көрсетіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін