Жарияланды: 3200

Мейрамбек Бесбаев пен Қайрат Нұртас дуэт дайындап жатыр

Мейрамбек Бесбаев пен Қайрат Нұртас дуэт дайындап жатыр

Дуэт орындап жатқандарын көрсететін қысқаша видеоны екі әнші де Инстаграм парақшаларына салған. Мейрамбек Беспаев оған "@kair_n дуэт" деп қана жазса, Қайрат Нұртас "@m_besbaev ағаммен сiздер үшiн бiр ән!" деп жазыпты.

Ән туралы басқа түсініктеме жоқ. Сондықтан оның аты қандай екені біз үшін әзірге беймәлім, деп жазады Caravan.kz тілшісі. Тек "Неге сүйемін, неге сүйемін, неге күйемін, неге күйемін" деп келетін жері бар. Бұл қайырмасы болса керек. 

Ал әншілердің әлеуметтік желідегі оқырмандары бұл жаңа туындының хит боларына сенімді. Бәрі ризашылықтарын білдіріп жатыр. Біреу "көптен күткен ән" десе, енді бірі "Қандай керемет ән еді. Жүректі әншілер жүрекке жеткізді" деп жазған.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін