Мейрамбек Бесбаев пен Қанат Үмбетовтің орындауындағы «Сүйікті етші» әнінің сөзі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мейрамбек Бесбаев пен Қанат Үмбетовтің орындауындағы  «Сүйікті етші» әнінің сөзі

Мейрамбек Бесбаев пен Қанат Үмбетовтің орындауындағы «Сүйікті етші» әнінің сөзі

Сөзін Ақберен Елгезек жазған тамаша ән көпшіліктің көңілінен шықты.

  • 12 Желтоқсан 2018
  • 5320
Фото - Caravan.kz

 

Аңсаған аппақ арманым,

Орманым менің бол, жаным.

Тек саған мені апарар

Әлемнің барлық жолдары.

Көктем құлпырса керемет

Жанымды жырға бөлемек.

Өзіңе мені шақырар,

Алдымнан ұшқан көбелек.

Алдымнан ұшқан көбелек.

Қайырмасы:

Көгімді менің биіктетші,

Кеудеден кетсін күйік-мұң.

Мына әлемді сүйікті етші,

Сүйікті етші, сүйікті етші, сүйіктім.

Күз келсе қалқып таза мұң,

Көремін бояу ғажабын.

Сезімімді жапыраққа,

Хат қылып тағы жазамын.

Хат қылып тағы жазамын.

Қайырмасы:

Көгімді менің биіктетші,


Кеудеден кетсін күйік-мұң.

Мына әлемді сүйікті етші,

Сүйікті етші, сүйікті етші, сүйіктім.

Арманым болып орындалшы,

Түсіме айнал баянды.

Керек болса жанымды алшы,

Барымды алшы, барымды алшы, аяулым

 

Соңғы жаңалықтар