Жарияланды: 590

Мемлекеттік республикалық корей театрының әртістері елордада концерт қойды

Астанадағы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры әртістерінің концерті өтті.

Шара театрдың 80 жылдығы мен кәрістердің Қазақстан жерінде тұрып жатқанына 75 жыл толуына орай ұйымдастырылған, деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Корей музыкалық комедия театры 1932 жылы Владивостокта көркемөнерпаздар үйірмесі негізінде «Корей өлкелік театры» деген атпен құрылған. 30-жылдардың аяғында Қазақстанға көшіп келіп, «Корей музыкалық комедия театры» деген атпен жұмыс істей бастады. Алдымен Қызылордада (1937-41, 1959-68), одан кейін Үштөбеде (1942-59) болып, 1968 жылы Алматыға қоныс аударды. 1966 жылы республикалық театрға айналып, 1978 жылдан бері қазіргі атымен белгілі. 1982 жылы театр ұжымы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Театр сахнасында ұлтгық классика бойынша Ли Ден Ним мен Ен Сен Неннің «Чун Хян деген қыз туралы аңыз» (1935-36), Тен Дон Хектің «Ондал туралы аңызы» (1972) мен Хан Диннің «Янбай туралы аңыз» (1973, 1985), сонымен қатар Н.Островскийдің «Найзағай» (1950), Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» (1949, 1975), М.Әуезовтің «Енлік-Кебек» (1962) және тағы басқа қойылымдар қойылған. Театрда «Ариран» эстрада ансамблі мен ұлттық бишілер тобы бар, деп хабарлайды BNews.kz.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін