Мемлекеттік тілді меңгеру мәселесінде саясат аз және нақты іс басым болуы тиіс – саясаткер - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік тілді меңгеру мәселесінде саясат аз және нақты іс басым болуы тиіс – саясаткер

Мемлекеттік тілді меңгеру мәселесінде саясат аз және нақты іс басым болуы тиіс – саясаткер

Мемлекеттік тілді меңгеру мәселесінде саясат аз және нақты іс басым болуы тиіс, деп есептейді саясаткер Нұрлан Ерімбетов.

  • 2 Тамыз 2011
  • 712
Фото - Caravan.kz

«Бұл мәселеде өте көп сөйлесуге, қазақ тілін дамыту проблемалары туралы айқаулауға да болады, және тыныш қана оны іске асырып – үйренуге, үйретуге де болады… Жас мамандарды елордалық кеңселерге жұмысқа алмас бұрын Шымкент, Қызылорда, Аралға жіберіп, қазақ тілді ортаға сіңдіру керек. Онда олар тез арада тілді үйреніп келеді», — деді Н. Ерімбетов қазақ тілін үйрену «Ұлытау» жобасына арналған баспасөз мәслихатында.

Оның пікірінше, бұл әдіс мемлекеттік қызметкерлер әйтеуір қанат белгісін алу үшін қатысатын әр түрлі курстар ашқанның орнына ең пәрменді тәсіл болмақ. Оның айтуынша, тіл білетіндер білмейтіндерге үйретуі тиіс. «Мен бүгіндері қоғамда бұл мәселеге қазіргідей сөге қарамайтындай, төзімді көзқарас қалыптастыру керек деп есептеймін. Оның өзіндік өмірі болды, ол орыс тілді қоғамда тәрбиеленді. Адам оған айыпты емес, ал бірақ тіл білмейтін балаларды қатаң түрде моральдық тұрғыдан қысқанда, олар тұйықтанып қалады да, іштей қарсылық танытып, наразылық таныта бастайды. Сондықтан біз кері нәтиже аламыз», — деді ол.

Н. Ерімбетовтың айтуынша, көптеген қайраткерлер нақты істердің орнына бұл мәселені тым саясиландырып жібереді.

«Көбі бұл мәселеде өздеріне «пиар» жасап жүр. Әсіресе кейбір депутаттар, саясаткерлер, партия басшылары… Сахнаға немесе мәжіліс мінбесіне шығып алып, тілім жойылып барады деп айтуға, теледидардан сөйлеуге болады. Билікке бір табан жақын адамдар сөйтіп көптеген ақша алады (тілді дамытуға – ҚазТАГ), бірақ бос сөзден ары, өкінішке қарай, бұл ешқандай жалғасын таппайды», — деді саясаткер.

Ол тілді үйретудің мысалы ретінде халықаралық бизнес академиясының жобасы – «Ұлытау» лингвистикалық лагерін келтірді. Оған қатысушылар үшін ұйымдастырушылар табиғат баурайында этноауыл құрып, урбанизирленген қазақстандықтарды көшпелі ортаға, халық дәстүріне, мәдениеті мен салтына сай келетін ортаға салып жібереді.

«Киіз үйлерде, мейлінше көшпелі жағдайға жақын жағдайда тұрып, қазақ тілін, тарихы мен мәдениетін үйрену, курстарда үйренгеннен гөрі әлдеқайда көрнекті… Әрине адам 10 күнде әлемнің ешқандай тілінде сөйлеп кете алмайды. Көбінде туған тілін білмеуі себепті комплекстері бар, ал біз кедергілер мен стереотиптерді бұза отырып, проблемаға басқаша қарауға, өзін-өзі түсінуге талпынуына мәжбүрлейміз. Біздің негізгі міндетіміз – біздің тыңдармандарымызда қазақ мәдениетіне, бабалар дәстүріне деген сүйіспеншілік ояту. Осы жағдайда оларда ана тілін үйренуге деген шынайы талпыныс оянар», — деді халықаралық бизнес академиясының ректоры Асылбек Қожахметов.

Соңғы жаңалықтар