"Мен кіммін, ол кім? Ол сұмдық адам ғой": Уәлибек Әбдірайымов Қоянбаевқа ашығын айтып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен кіммін, ол кім? Ол сұмдық адам ғой":  Уәлибек Әбдірайымов Қоянбаевқа ашығын айтып салды

"Мен кіммін, ол кім? Ол сұмдық адам ғой": Уәлибек Әбдірайымов Қоянбаевқа ашығын айтып салды

"Шаншар" әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов "Қасқа жол" бағдарламасына сұхбат берді.

  • 5 Сәуiр 2021
  • 1569
Фото - Caravan.kz

Әбдірайымов мырза сұхбат ортасында Нұрлан Қоянбаевқа өз ренішінде жасырған жоқ.

Бұл туралы Caravan.kz  порталы хабарлайды.

"Мен мына жаңа мәдениет министріне риза болып қалдым. Кино саласы туралы бір заң шығарды ғой. Киногерлер өздері біледі, бұрын ондай заң болмаған екен. Менде сол заңды құп көрдім. Енді сол кісіге менің кішкентай ғана өтінішім, идеология саласының ең биік шыңында тұрған бұл — кино. Бұны жасы да, қариясы да үзбей көреді.
Бұны В.И. Ленинде айтқан. Совет өкіметін орнатып жатқан кезде идеологияны қалай істейміз дегенде, кино арқылы деп жауап берген. Халықты солай тәрбиелеу керек деген.

Олай болса, біздің киномызда үлкен рөл алып тұр ғой. Өте маңызды. Сондықтан киномызды мәнді, мағыналы түсіруіміз керек. Жақсы киноларымыз бар, түсіріліп жатыр. Бірақ менің айтарым бар, жарылатындар жарылып кетсе де. Орысша, қазақша араласатын киноларды тоқтату керек. Түпкілікті тоқтату керек. Түсіргіңіз келіп бара жатса, Мәскеуге барып түсіріңіз. Болмаса осы жерге түсіріңізде Мәскеуге сатып жіберіңіз.

Нұрлан Қоянбаев айтыпты: "Ол кісі де жүр ғой концерт құрып ақша тауып, бізде ақша тауып жатырмыз"-депті. Ал менің концертімде орысша сөз бар ма?! Біздің концертте ұлтымызды таптап жатырмыз ба? Неге келіп айтпайды бетіме.


Мен кіммін, ол кім? Ол сұмдық адам ғой, ол үлкен режисер ғой. Не істейді ол мені, ол мені тіпті қабылдамайды да." — деді Уәлибек Әбдірайымов.

 

Соңғы жаңалықтар