Мен Қазақстанда кино түсіремін, деп Бекмамбетов уәде беріп отыр
![]() |
Танымал режиссер Тимур Бекмамбетов Қазақстанда кино түсіремін деп уәде етіп отыр. |
«Мен әр кез жоспарлаймын (Қазақстанда кино түсіруге – ҚазТАГ), бірақ оны ешқашан жүзеге асыра алмай келемін. Мен американдық фильмді аяқтап келемін. Ол келесі жылдың басында экранға шығады, және содан соң мен міндетті түрде Қазақстанда кино түсіремін», - деді ол жұма күні экшн-фильмдерінің ASTANA халықаралық кинофестивалінің басталуының алдындағы баспасөз мәслихатында.
Ол сондай-ақ қазақстандық фильмдердің Ресейдегі прокатын ұйымдастыруға дайындығын білдірді.
«Мен ол болады деп үміттенемін (қазақстандық фильмдердің Ресейдегі прокаты – ҚазТАГ). Ол біздің миссиямыз деп айта алмаймын. Бірақ Қазақстанда тамаша фильмдер түсріліп жатса, онда оларды Ресейде көрсету біз үшін қызықты болады. Өкінішке орай шекарадан аса алатын фильмдер онша көп емес,... фильмдер жергілікті жерге есептелген болып қала береді. Ал американдық фильмдерді бүкіл дүниежүзі көреді», - деді режиссер.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін