“Менімен бір түн боласың…” - Жігер Ауыпбаев Ақбота-Нұрға ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Менімен бір түн боласың…” - Жігер Ауыпбаев Ақбота-Нұрға ұсыныс жасады

“Менімен бір түн боласың…” - Жігер Ауыпбаев Ақбота-Нұрға ұсыныс жасады

Әнші Жігер Ауыпбаев пен Ақбота-Нұр бірге  "Бақыттың кілті" атты сериалда төбе көрсетті.

  • 30 Қыркүйек 2022
  • 874
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Жігер Ауыпбаев сериалда Тілеутай атты жағымсыз кейіпкердің рөлін сомдауда, басты рөлдегі Еңліктің (Ақбота-Нұр) сыныптасы болып күтпеген жерден ұсыныс айтады.

Тілеутай: Сенде бір мүмкіндік бар. Әкеңді түрмеден алып қалғың келсе, менімен бір түн боласың. Әйтпесе жағдайың нашарлады деп ойлай бер, таңдау өзіңде. Мен сені әдеттегі мекенжайда күтемін.

Еңлік: Ешқашан, мен сеннен жиіркенемін. Қолыңнан келгенін істе. Мен бармаймын. Жауызсың сен.

Осылай өрбіген диалогтың соңы Еңліктің әкесі Өмірзақтың жүрек талмасынан қайтыс болуымен аяқталады.

Ұлттық арнадан көрерменге ұсынылған бұл сериал 99% халыққа ұнап, пікірлерін әр бөлім шыққан сайын оқша жаудыруда. 

"Ақбота жарайсың, мықтыыы ойнапсың","Жігер сені жек көріп кеттім","Мықты сериал ғой","Әйелдердің теңсіздігі жайлы кинолар көп болса ғой","Ұлттық арнада осылай мықты дүние шығара алады екен ғой","Күнде көрем, күнде жылаймын",- 
деп көрермен пікір қалдыруда.

 

Соңғы жаңалықтар