Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Алагөзова ол жайлы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Қазақтар! «Король Лев» деген Голливудтың мультик шығайын деп жатыр, пазор шығармай барыңыз, бөтендерге ақша шығарыңыз. Менің киномда осы күнде шығады, Қоянбаевпен бірге, бірақ өздеріңіз білесіз?! 19 желтоқсан «КОРОЛЬ ЛЕВ» «ЖАУАП БЕР» «ҚАЗАҚ ӘЛЕМI», — деп жазды ол.
Алайда көпшілік «Баян Алагөзова бұл сөздері арқылы Бадықованы кекетіп отыр» деген ой қалыптастырды.
Еске салсақ, актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова фильміне бармай жатқан отандастарына өз ренішін білдірген еді.
«Голивудқа, өзге елге ақшаны жіберіп оларды байытуды, оларға шапан жапқанды қойғанымыз дұрыс. Ашығын айтамын. 27 қарашада Моанаға барған қазақтар болды. Бірақ оларды сөкпеймін. Тек қандай қазақ екенін түсінбеймін. Сондықтан байыса қазақ байысын. Ештеңе жоқ,» — дейді Дариға Бадықова.
Дариға Бадықова осылаша өзінің «Таптым-ау сені-2» фильмін көруге шақырған. Голливудтың «Моана» мультфильмінің де екінші бөлімі көрерменге жол тартты. Қос туындының тұсаукесері қатар келуіне байланысты ол журналистерге де пікір білдірген еді.