Үміткерлердің туындылары зейнеткерлік кезең, зейнеткерлер, зейнеттегі адамның өмірі туралы болуы тиіс. Суреттерге автор туралы ақпарат пен өзінің зейнеткерлік кезеңін қалай елестететіні туралы пікір қоса жолдануы керек. Фототуындылар foto@respublica.kz электронды поштасы арқылы қабылданады. Конкурс қорытындысы шілде айының басында шығарылып, 12 аталым бойынша үздіктер марапатталады.
Сондай-ақ үздік 100 фотосурет 11-13 тамыз аралығында «Тәңір-Ұмай» галереясындағы көрмеге қойылады.