Меруерт Өтекешова: “Жылағым келеді... Төлегенім жоқ әсіресе” - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меруерт Өтекешова: “Жылағым келеді... Төлегенім жоқ әсіресе”

Меруерт Өтекешова: “Жылағым келеді... Төлегенім жоқ әсіресе”

"Қыз-Жібек" көркем фильміне биыл 50 жыл толды. Қазақтың қыз жібегі атанған актриса Меруерт Өтекешова өзінің бір сырын ақтарды.

  • 25 Мамыр 2021
  • 271
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

ҚР Еңбек сіңірген әртісі Меруерт Өтекешова "Паппарация" бағдарламасына берген сұхбатында фильмнің 50 жыл толуына орай су жаңа картина таспаланып жатқан айтты.

" Қазақ елі жақсы көретін "Қыз-Жібек" картинасына биыл 50 жыл. Соған орай біз Құрман екеуіміз жоспарлаған болатынбыз кино түсіреміз деп. Былтыр карантинге орай түсірілім тоқтатылды. Биыл міне бастап жатырмыз. 50 жыл өтті фильмге қазіргі таңда жанымызда қалған адамдар аз, фильмде төбе көрсеткендердің көбісі жоқ.  Егер бұл фильмді жастарға көрсетпесек үлгі-өнеге етпесек, жастарымыз бейхабар болады. Осындай кино қалай түсірілді, кім қатысты ештеңе білмей қалуы мүмкін.

Шынымды айтсам жылағым келеді. Неге десеңіз қазір жанымда ешкім жоқ. Түсірілім алаңында жүрмін бірақ жалғыз сезініп жүрмін өзімді. Біздің кезімізде түсірілім қалай басталды, қалай аяқталды бәрі де көз алдымда. Қазір алдымда ешкім жоқ, әсіресе Төлегенім жоқ…"- деп көзіне жас алды.


 

Соңғы жаңалықтар