Меруерт Түсіпбаева пластикалық ота жасататынын мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меруерт Түсіпбаева пластикалық ота жасататынын мәлімдеді

Меруерт Түсіпбаева пластикалық ота жасататынын мәлімдеді

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші бет-әлпетіне өзгеріс енгізу үшін шетелдік мамандарға жүгінбейтінін айтты.

  • 6 Ақпан 2017
  • 1252
Фото - Caravan.kz

Әнші бет-әлпетіне өзгеріс енгізу үшін шетелдік мамандарға жүгінбейтінін айтты. Ол нағыз патриот ретінде Қазақстандық дәрігерлерге таңдау жасап отыр.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы оқырмандарына видео арқылы айтты.

“Достар, барлықтарыңызға сәлем. Бұл – Алматы қаласы. Мен пластикалық операция жайында көптен бері әңгіме еткен едім. Ешқандай шетелге бармай, патриот ретінде өз мемлекетімізде жасатпақпын. Сондықтан барлық пластикалық операция барысы видеоға түсіріліп, сіздердің назарларыңызға ұсынылады. Біздің дәрігерлеріміз де өте талантты, қолдарынан барлық нәрсе келеді. Сол үшін Корея, Израильге бармай-ақ қойып, біздің мемлекетімізде жасауға болады деген ұран. Сондықтан да барлықтарыңыз менімен бірге болыңыздар”, – дейді Түсіпбаева.


Желі қолданушыларының басым бөлігі әншіні бұл райынан қайтаруға тырысты.

“Негізі өз бетіңіз әдемі, жасатпай-ақ қойыңыз”, “Жақсылап ойланыңыз, Құдай қалай жаратты, солай қабылдау керек”, “Меруерт ханым, қай жеріңізге жасатасыз, сізде бәрі тамаша ғой”, “Неге? Әдемісіз, отаның керегі жоқ”, “Қай жеріңізге? Ота жасайтындай дұрыс емес нәрсе көріп тұрған жоқпын”, “Бетіңіз күшті ғой, не үшін жасайсыз?” – деп пікір білдірді олар.

Тусіпбаева_060217

Соңғы жаңалықтар