Министр А. Мұхамедиұлы ғаламторда жария етілген даулы үнтаспа жазбасына қатысты түсінік берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр А. Мұхамедиұлы ғаламторда жария етілген даулы үнтаспа жазбасына қатысты түсінік берді

Министр А. Мұхамедиұлы ғаламторда жария етілген даулы үнтаспа жазбасына қатысты түсінік берді

  «Қазақ хандығы» фильмін түсіру жалғасуда, қаржыландыру мәселесі техникалық себептерден пайда болды.

  • 1 Қыркүйек 2015
  • 656
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  ҚР Парламенті 5-ші сессиясының ашылу рәсімінен кейін ғаламторда жария етілген даулы үнтаспа жазбасына қатысты түсінік берді.

«Қазақ хандығы» фильмін қаржыландыру туралы сұрақ министрге кеңестен аудиожазбада айтылған фильм түсіруге бөлінген қаржы қазірдің өзінде де жұмсалып біткені туралы ақпарат Интернетте пайда болуына байланысты қойылған болатын.

«Бұл жерде ешқандай құпия болған емес. Ол осыдан шамамен 1 ай бұрын өткен ашық жиын болатын, диктафондар тұрды.  Шындығында ашық әңгіме жүргізілді. Біздерге ең бастысы процесті алға ілгерілету болды. Мәселе неге өткір тұр? Өздеріңіз де білесіздер, баспасөзде бөлінген ақшаның қазіргі уақытта жұмсалғандығы, фильмнің тоқтап қалғаны айтылған еді. Ал негізінен бөлінген ақша кешеуілдетілген болатын. Мен техникалық кедергілердің шығу төркінін анықтап, себептерін білу үшін барған едім. Әрине, түрлі заңдық келіспеушіліктер орын алған. Біз мәселелерді шештік»,  — деді министр БАҚ өкілдерінің ғаламтордағы Қазақ хандығы сериалына қатысты жиындағы үнтаспаның жария етілуіне қатысты сауалына.

Оның атап өтуінше, Қазақ хандығына қатысты  сериалды түсіру жүріп жатыр, онда Мемлекет басшысы да болды, журналистер де көрді. «Бұл шынында да қызықты жоба болады деп ойлаймын. Бәріміз де бұл жобаны асыға күтудеміз», — деді ол.


Сонымен қатар министр сериалдың бас  режиссерінің басты рөлдерге өз туыстарын тықпалауын қолдамайтынын да атап өтті, бұл мәселе де сол жиында айтылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар