Министр мәдениет саласының үздіктерін марапаттады - ШҚО
![]() |
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде өнер мен мәдениеттің салалық өзекті мәселелері мен Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына арналған Жолдауын насихаттау жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстардың қорытындыларына арналған Мәдениет және ақпарат министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Оған Мәдениет және ақпарат Министрі Дархан Мыңбай төрағалық етті. |
Отырысқа Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, Астана, Алматы қалалары, облыстық Vәдениет және ішкі саясат басқармаларының басшылары, мәдениет ұйымдары, шығармашылық одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдары, мұрағат және баспа ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Өнер мен мәдениеттің салалық өзекті мәселелері туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев баяндама жасады.
Өз кезегінде, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына арналған Жолдауын насихаттау жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстардың қорытындылары туралы баяндады.
Алқа мәжілісін қорыта келе, Мәдениет және ақпарат министрі Д.Мыңбай салаға қатысты бірқатар міндеттер қойып, іс жүзіне асырылып жатқан бірнеше ірі жобалардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Бұдан кейін, Д.Мыңбай Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» атты жаңа төсбелгінің бекітілгенін хабардар етті. «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен алғашқылар болып КСРО Халық әртісі Еркеғали Рахмадиев, Парламент депутаты Мұрат Ахмадиев, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік орыс драма театрының директоры Юрий Якушев, Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы Жақсылық Омар, Көкшетау қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Айгүл Сабитова, Астана қаласы мәдениет басқармасы бастығының орынбасары Қанат Төкесбай марапатталды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін