Жарияланды: 470

Минскіде Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған фотокөрме болып өтті

Кеше Минскіде Беларусьтегі ҚР елшілігі Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау шеңберінде «Қазақстан: бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығы» фотокөрмесін ұйымдастырды.

Қазақстанның қазіргі өмірінен мағлұмат беретін шамамен 30 сурет орналастырылған 5 ақпараттық стендте отандық және шетелдік авторлардың туындылары қойылыпты. Онда сәулет ескерткіштері және өнердің, қарапайым азаматтар мен түрлі мерекелік шаралардан репортаждық суреттер, табиғат көріністері және өзгелері көрініс тауыпты. Іс-шараға ТМД қатысушы мемлекеттерінің елшілері мен тұрақты төрағалары, Беларусьте тіркелген дипломатиялық миссиялардың қызметкерлері, БР билік және басқару органдарының басшылары мен қызметкерлері, шығармашылық өкілдері мен жергілікті БАҚ қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін