М.Мэдсен: ат құлағында ойнайтын шабандоздардың ойыны қатты ұнады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
М.Мэдсен: ат құлағында ойнайтын шабандоздардың ойыны қатты ұнады

М.Мэдсен: ат құлағында ойнайтын шабандоздардың ойыны қатты ұнады

Астанаға арнайы келген Голливуд актері Майкл Мэдсенге ат құлағында ойнайтын шабандоздардың көрсетілімі ұнады.

  • 5 Шiлде 2011
  • 587
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол бүгін журналистермен өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Еске салайық, М.Мэдсен Қазақстанға Астана күні аясында елордада екінші рет шымылдығын ашқан Экшн-фильмдердің «Астана» халықаралық фестиваліне қатысу үшін арнайы келді.

1 шілдеден Астанада жүрген Голливуд актері қала күніне арналған мерекелік іс-шараларға да қатысып үлгерді. Ол өзіне бәрінен бұрын «Астана айналасындағы мыңжылдықтар» көшпелілер өркениеті фестиваліне арнап тұрғызылған қазақ ауылы қатты ұнағанын және ат құлағында ойнайтын шабандоздардың көрсетілімі тәнті еткенін айтты.

«Бәрі тамаша болды. Мен өзіммен бірге ұлдарымды алып келмегеніме қатты өкіндім. Өкінішке қарай, қалада көп серуендеуге мүмкіндігім болмады, себебі фестивальға қатысты міндеттерім көп болды. Бірақ келесі жылы Тимурдан (ред. — фестивальдың президенті, режиссер, продюсер Тимур Бекмамбетов) өзімді қазылар алқасының құрамына қосуды сұрауды ойлап отырмын. Мүмкін сол уақытта қаланы көруге мүмкіндігім болатын шығар», — деді ол.

М.Медсен сондай-ақ Қазақстанды өте үлкен және өте әдем ел деп санайтындығын жеткізді. «Мені осында шақырғандарыңыз үшін барлықтарыңызға ризашылығымды білдіремін. Мен мұнда өте талантты адамдардың айналасында болдым», — деп түйіндеді ол.

«Арманд Ассанте өзінің отбасында қайғылы оқиға болғанына қарамастан менімен бірге келді. Оның анасы бақилық болды. Бұл оның тарапынан батылдық болды. Мен өмірімде 130-дан астам фильмге түстім. Менің ойымша, кино — бұл өте маңызды іс. Бірақ менің елімде ол өкінішке қарай, өткен күннің белесінде қалып барады. Әрине, олар 140 миллион доллар бюджетті, 3D-дағы фильмдер болмаса. Ондай киноларға шақырса қуанар едім», — деп түйіндеді актер.

Соңғы жаңалықтар