Мөлдір Әуелбекова - Түркінің тамшы жаңбыры әнінің сөздері - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мөлдір Әуелбекова - Түркінің тамшы жаңбыры әнінің сөздері

Мөлдір Әуелбекова - Түркінің тамшы жаңбыры әнінің сөздері

Жақында екінші перзентін өмірге әкелген әнші Мөлдір Әуелбекова жаңа әнін көрермен назарына ұсынды. 

  • 19 Қазан 2021
  • 891
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Біраз уақыт өнерден демалыс алған әнші, Алматы шаһарына келіп шығармашылыққа қайтадан білек сыбанып кірісті.

Түркінің тамшы жаңбыры әнінің сөздері 
1) Ұрандап айтып бабасын,
Анасындай көріп Алашын.
Жауына жаға жыртқызбай,
Батырлықтың білген бағасын.
Алдаспан қылыш асынып,
Азат еткен байтақ даласын.

Сарқыты болып сақтардың,
Түлегімді тізіп баққанмын.
Жәнібек Керей қолымен,
Қазығымды алғаш қаққанмын.
Бес ғасыр салып араға,
Арайланып атқан ақ таңмын-ай.

Қайырмасы:

Түркінің тамшы жаңбырымын,
Сақ пенен Ғұнның тағдырымын тараған.
Алуан заман кешкен елмін,
Күш-қуат алып өскен елмін даладан.
Ар-намыс асқақ айбыным деп,
Бірлігім бақыт байлығым деп санаған.
Кешегі Қазақ хандығымның,
Бүгінгі ғажап бір жырымын жаңарған.

2) Қасым хан болған тарланым,
Есім ханым асқақ заңғарым.
Шамшырақ болып ертеңге,
Тәуке ханым жазған заңдарым.
Абылай қосып басымды,
Орындалған еді арманым.
Арындап алға ұмтылған,
Жүрегінде талай сыр тұнған.
Қылығы таза қыз туған,
Арғымаққа мінер ұл туған.
Бүгінде әлем таныған,
Біз тәуелсіз елміз құлпырған-ай.

Шабандоз палуан батыр елмін,
Күйші мен жыршы ақын елмін бұрыннан.
Бабалар айтқан өсиетін,
Бойына қонған қасиетін ұғынған.
Таласқан көкпен байрағы бар,
Құламас берік айбары бар тұғырдан.
Ынтымақ тілек Тәңірімен,
Хандық пен хақтың әмірімен құрылған.

Халқымыздың пейілі кең даласындай,
Туған жерін аялаған — Анасындай.
Қазағым-ай Қазағым-ай,
Салтын сақтар көздерінің қарасындай,
Қазақ деген ел әлемде бар осындай.
Қазағым-ай Қазағым-ай!

Қайырмасы:
Шабандоз палуан батыр елмін,
Күйші мен жыршы ақын елмін бұрыннан.
Бабалар айтқан өсиетін,
Бойына қонған қасиетін ұғынған.
Таласқан көкпен байрағы бар,
Құламас берік айбары бар тұғырдан.
Ынтымақ тілек Тәңірімен,
Хандық пен хақтың әмірімен құрылған.


https://youtu.be/guNfOgKA7Ow
 

 

Соңғы жаңалықтар