Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжоу Ли мырзамен кездесу өткізді, |
деп хабарлайды ҚР Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оның барысында мәдениет саласының екіжақты қарым-қанынасына қатысты бірқатар мәселе қарастырылып, талқыланды.
Нақтырақ айтқанда, Астана қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) 10 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып, өткізілгелі отырған «Бейбітшілік үшін саяхат» атты ШЫҰ мүше-мемлекеттердің танымал суретшілерінің көрмесі жайлы да сөз болды. Көрермендер назарына 100-ден астам өнер туындылары ұсынылатын болады. Көрме 11-15 маусым аралығында жұмыс істейді. Көрме жұмысын 13 маусымда Қазақстан мен Қытайдың басшылары аралап көреді деп жоспарлануда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін