Caravan Logo

Мүсірепов театры «АССИТЕЖ»-дің Қазақстандағы орталығы болып жарияланды

Мүсірепов театры «АССИТЕЖ»-дің Қазақстандағы орталығы болып жарияланды

Бұл туралы театрдың баспасөз хатшысы Мая Әділхан хабарлады.

«Әлемнің 83 мемлекеті қатысатын бұл ұйымдар қатарына тұңғыш рет мемлекетіміздің өнер ошақтары 84-ші мүше ретінде қабылданды. Айта кетсек, «АССИТЕЖ» дүниежүзілік балалар мен жасөспірімдер театрлар қауымдастығы 1965 жылы құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты - балалар мен жасөспірімдерді театр әлеміне қызықтыру, театр өнерін насихаттау»,-дейді М.Әділхан.

Сонымен, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры; Астана Жастар театры; Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжі; Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжі «АССИТЕЖ» дүниежүзілік қауымдастығының Қазақстандағы мүшелері болып тіркелді.