Мұсылман елдері бірігіп, бір күш болуға дәл қазір өте мұқтаж - Бас мүфти - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұсылман елдері бірігіп, бір күш болуға дәл қазір өте мұқтаж - Бас мүфти

Мұсылман елдері бірігіп, бір күш болуға дәл қазір өте мұқтаж - Бас мүфти

Тірі жүрсе Мұқағали Мақатаев дәл қазір мұсылмандарды қасиетті Рамазанда ауыз бекітіп, күнәдан арылу жолына шақыратынына күмән жоқ.

  • 1 Тамыз 2011
  • 698
Фото - Caravan.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі шілденің 29-ы күні Алматы облысының Райымбек ауданы Қарсаз ауылында ақынның 80 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар аясында өткен «Жаһандану және Мақатаев әлемі» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференцияда осылай айтты.

«Мұқағали саясаттың салқынына қарамай дін тақырыбын Кеңес дәуірінің өзінде батыл жырлады. Бұл ақындық қана емес, нағыз батырлық деуге болады. Естеріңізде болса, дінди апиын дейтін заманның куәгері болдық қой. Сол зұлмат заманның өзінде Мұқағали көпшіліктің ығына жығыла кетпей өз ойын — «Сатқан емен. Сатпаймын дінімді мен. Өлмейтұғын, өшпейтін күнін білем. Таппайтын күнде тыным, түнде тыным, мұсылман Мұхаммедтің үмбетімін», — деп жырлады. Сол аласапыран дәуірде осылай десе, бүгінгі еркін заманда көзі тірі болса Мұқағали бауырымыз дініміздің бар құндылықтарын өлеңіне арқау етер еді деген ойдамын», — дейді Әбсаттар Дербісәлі. Бас мүфтидің айтуынша, ислам діні тоңмойын жатыпішерлерді жақтырмайды. Мұсылман мешітте намаз оқумен ғана шектеліп қалмай, еңбек пен ғылым, инновация және жаңа технологиялармен айналысуы керек.

«Мұқағали «Дін ғылымның анасы, дін ғылымның әкесі, ғылым діннің баласы» дейді. Шынында да мен таң қаламын. Қасиетті Құранның 719 жерінде ғылым-білім туралы айтылады. Қай ғылым болмасын түптеп келгенде тірелер жері дін боларын дөп басып айтқан. Бәрінен бұрын мұзбалақ ақын қазір көптеген мұсылман елдерінде қан төгіліп, аласапын кезеңде тұрғанын анық сезіп тұрғандай «Қаны аққан қайран менің мұсылманым. Осы ма екі ортада қысылғаның. Бірігіңдер әлемнің мұсылманы. Құрбан болсын құдай үшін жаным» деп әлемдегі иісі мұсылмандарды бірігуге шақырады. Шынында да мұсылман елдері дәл бүгін бірігіп, бір күш болуға мұқтаж», — деді Әбсаттар қажы.

Соңғы жаңалықтар