Бұл туралы топ мүшелері өздеріңің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларында хабарлады.
«Алла нәсіп етсе «МузАрт» тобының 15 жылдық мерейтойынан кейін бәріміз шашымызды сыпырып, тықырлап алып тастауға келісіп, қол қойып жатырмыз», — деп видео арқылы бөлісті.
Ендеше халықтың сүйікті әншілері берген уәделерінде тұрып, көп ұзамай оларды жаңа шаш үлгісінде көреміз деген үміттеміз.