«Музарттың» алғашқы костюмі Алматы мұражайына табысталмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Музарттың» алғашқы костюмі Алматы мұражайына табысталмақ

«Музарттың» алғашқы костюмі Алматы мұражайына табысталмақ

Бұл туралы НТК арнасының «Ревю» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Топтың тығыз кестесінен уақыт ұтып, зиялы жұртпен жиі жүздесетін Сәкен Майғазиев бұл жолы Алматы мұражайына ат басын бұрды. Оңтүстік астананың құнды тарихынан сыр шертетін мекемеден, «МузАрттық» әншіні қызықты әрі мол мағлұматтарға қаныққан.

  • 25 Қыркүйек 2017
  • 2532
Фото - Caravan.kz

Топтың тығыз кестесінен уақыт ұтып, зиялы жұртпен жиі жүздесетін Сәкен Майғазиев бұл жолы Алматы мұражайына ат басын бұрды. Оңтүстік астананың құнды тарихынан сыр шертетін мекемеден, «МузАрттық» әншіні қызықты әрі мол мағлұматтарға қаныққан.

«Мысалға ең алғашқы альпинсті білмедім, біздің биік шыңды бағындырған. Жасырмаймын елбасымыздың, бұрынғы «Комсомол шыңы» болған шыңның 1998-шы жылы қателеспесем, елбасымыз бағындырған «Президент шыңы» бар екенін мен білмеппін», – дейді Сәкен Майғазиев.

Алғашқыда келген қонақтарға мұражайды толыққанды таныстыру Сәкенге жүктелген еді. Алайда, бұл жауапкершілік жүгінен жүрексінген Майғазиев музыкалық бөлімге экскурсия өткізуді таңдаған.

«Дос-Мұқасан» ансамбілінің алғашқы гитарасы және қазақ вальсінің королі – Шәмші Қалдаяқов атамыздың мандолинінің осында тұрғанынынан құлағдар едім. Құдайға шүкір, жолымнан жаңылған жоқпын, жастарға соны таныстыруға тырыстым», – дейді Майғазиев.


Экскурсия барысында елді елең еткізген тағы бір тың ақпарат! Келешекте, Алматы мұражайы меймандары «МузАрт» тобының тарихынан сыр шертер жеке жәдігерлермен де танысу мүмкіндігін алмақ.

«Туып тұрған бірден-бір мүмкіндік. Осы мұражайда «МузАрт» тобының алғашқы үнтаспасы болады ма, жоқ киімдері, алғашқы кастюміміз болады ма барахолкадан алып киген, сол бір әдемі естелік болатын шығар деп өз басым ойлаймын», – дейді Сәкен Майғазиев.

Соңғы жаңалықтар