"Мынадай ой-өріспен қалай Қайратқа тұрмысқа шықтыңыз?": Халық Жұлдыз Әбдікәрімованың сауаттылығына таң қалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мынадай ой-өріспен қалай Қайратқа тұрмысқа шықтыңыз?": Халық Жұлдыз Әбдікәрімованың сауаттылығына таң қалуда

"Мынадай ой-өріспен қалай Қайратқа тұрмысқа шықтыңыз?": Халық Жұлдыз Әбдікәрімованың сауаттылығына таң қалуда

Танымал актриса, эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова елдің қызу талқысына түсті.

  • 2 Тамыз
  • 1748
Фото - Caravan.kz

Көпшілік оны сауатты әрі білімі жоғары екенін жарыса жазып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz  медиа порталы.

Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында олимпиада ойындары туралы ойын жазған. Көпшілік оның сауаты өте жоғары екенін айтып, Қайратқа қалай тұрмысқа шыққанына таң қалып жатыр.

Олар: «Кешірерсіз,артық айтсам. Мынадай интеллектпен,ой өріспен қалай Қайратқа қарады деген ой еріксіз келеді. Тым жас болғасын шығар сол кезде. Қайрекең мүмкін жақсы адам,асыраушы,әке шығар,бірақ ой өріс деңгейі үйлеспейтін сияқты біртүрлі,менің жеке пікірім. Балалар көбіне анасынан алады ғой интеллектіні,балалар сізге тартқан болар», «Керемет сауаттылығы супер чем её енешка», «Қайрат үшін мамасы сөйлеп, мамасы жетектеп, әнін аузына салып бергесін, әлі бөпе екенін, бапа екенін білмей, әндетіп жүрген әншісымақ көрінеді. Жұлдызбен екеуі екі әлем ғой..», — деген пікірлерін жаудырып жатыр.