"Нағыз мұқтаждық су тартылғанда басталады": Алтынай Жорабаева тасқын болған өңірлерге қатысты шындықтың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Нағыз мұқтаждық су тартылғанда басталады": Алтынай Жорабаева тасқын болған өңірлерге қатысты шындықтың бетін ашты

"Нағыз мұқтаждық су тартылғанда басталады": Алтынай Жорабаева тасқын болған өңірлерге қатысты шындықтың бетін ашты

Әнші Алтынай Жорабаева еліміздің су басқан өңірлерінде нағыз мұқтаждық абыр-сабыр басылып, су тартылғаннан кейін басталатынын айтты.

  • 11 Сәуiр
  • 91
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қазір бір дүрбелең соғып тұрған уақыт болып тұр…Елімізде, әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты біраз ойым жинақталып тұр.
Отырып жазуға, жаңадан босанған ана болған соң, уақыт тапшы болып жатыр…

Жалпы , жекеге “неге үндемей отырсыз, неге көмек бермей жатсыз?” деп жазып жатқан жандар өте көп.

“Оң қолың бергенді сол қолың білмесін” дегендей, неге бергенімді айтып, жасаған жақсылыққа берілетін сауапты осы дүниеде тастап кетуім керек? Жариясыз жасағанды көбірек құптаймын .

Одан бөлек , өнер адамдары жиналып, ортақ чат ашып, ол жақта да қаржылай көмек жиналып жатыр.

Қиын жағдайға тап болған аймақтардан хабар алып отырмыз. “Әзірге тамақ, керек-жарақтың барлығы жетерлік. Нағыз мұқтаждық осы ажиотаж басылғанда , су тартылғанда басталады. Соған жұмсаған жөн деді”

Дегенмен де , біраз өнер адамдары сол аймақтарға өздері барып, көзбен көріп , ары қарай жиналған қаржыны қаржылай, немесе заттай үлестіреміз деп отыр .

Жалпы, ел басына күн туғанда кімнің қанша теңге бергені маңызды емес, қалай бергені маңызды.

Біреу соңғы 1000теңгесін береді, бір адам көбірек қосады. Маңыздысы, сіздің Алла разылығы үшін жәрдемдесу ниетіңіз.

Ел аман, жұрт тыныш болсын», — дейді Алтынай Жорабаева.

Әншінің оқырмандары оның бұл пікірімен толықтай келісетіндерін айтуда.

«Өте дұрыс айтасыз, бәрін бір Алла көріп тұр», «Жасаған жақсылығыңыз Алладан қайтсын», «Өте дұрыс айтасыз, нағыз көмек су тартылғанда керек болады. Қазір тамақ пен киім-кешек өте көп», — деп жазды олар.