"Неге біз өзімізді қинаймыз": Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева 15 жылдан кейін "Шаншарға" не себепті қайтып оралғанын ашып айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 524.66
  • 550.21
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Неге біз өзімізді қинаймыз": Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева 15 жылдан кейін "Шаншарға" не себепті қайтып оралғанын ашып айтты

"Неге біз өзімізді қинаймыз": Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева 15 жылдан кейін "Шаншарға" не себепті қайтып оралғанын ашып айтты

Белгілі актриса, көпке "Шаншар" әзіл-сықақ театры арқылы танылған Жұлдызай Дүйсенбиева Уәлибек Әбдірайымовпен ара қатынасы туралы айтты.

  • 18 Желтоқсан
  • 81
1001 түн бағдарламасы

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса ол жайлы «1001 түн» бағдарламасында айтып берді.

«Айта алмаймын. Осы күнге дейін жасаған еңбегімнің еш кетпегені. Кешеден бері жылай алмай жүрмін. Халыққа сондай ризамын, бәрін құшақтағым келеді. Сахнадан көріп отырып, анам да үйге барып жылады.

Мен бірінші күні Шымкенттегі концерттен мен күткен жоқпын ондайды. Екінші концертте жасыратыны жоқ, күттім. Үшінші концертте мен соған дайын болып шықтым. Бәрін құшақтағым келеді. Осы 30 жылдықта менің түсінгенім, біреуді сағынасың ба, сен оған ренжіп қалсаң да, қандай жағдай болса да, жай бара салу керек екен. Ол сені көкірегіңнен итеріп жіберсе де, жоқ жақтырмаймын десе де, сен оның алдына баруың керек.

Мен қазір «Шаншарға» 15 жылдық үзіліспен барып отырмын. Он бес жыл бұрын екі жаққа кеттік, ренжісіп жатырмыз, соның бәрі түкке тұрмайды. 15 жыл уақыт ол кісілерде де өтіп кетті, 15 жыл уақыт менде де өтіп кетті. Ешкімнің ештеңесі қисайып қалған жоқ, он бес жылда жүректе сағыныш қана қалады екен. Неге біз өзімізді қинаймыз, неге біз барып айта салмаймыз, неге білдіре салмаймыз. Мен үлкен, кішімін деп таңдайтын дүние емес екен. Үш күннен бері бір-бірімізге жақындап тоқтай қалсақ, көзімізден жас шығады.

Уәкең екеуміздің арамыз екі-үш күннен бері сондай болып кетті. Адамдардың өкпелемей, жай ғана өмір сүру керек екенін мен шын мәнінде сездім», — деп ағынан жарылды актриса.