"Невада-Семей" халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қозғалыстың 15 жылдығына орай Семейдегі тарихи-өлкетану мұражайында көрме ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Невада-Семей"  халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қозғалыстың 15 жылдығына орай Семейдегі тарихи-өлкетану мұражайында көрме ашылды

"Невада-Семей" халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қозғалыстың 15 жылдығына орай Семейдегі тарихи-өлкетану мұражайында көрме ашылды

"Невада-Семей" халықаралық ядролық сынақтарға қарсы қозғалыстың 15 жылдығына орай Семейдегі тарихи-өлкетану мұражайында көрме ашылды. 1949 жылдың 29 тамызында Семей сынақ полигонында алғашқы ядролық қару сыналды. Бұл 40 жылғы қасіреттің бастауы болды. 40 жыл ішінде Семей полигонында қуаты 100 килотоннаға дейін жететін 470 жарылыс болды.

  • 1 Наурыз 2004
  • 1294
Фото - Caravan.kz

«1961-1962 жылдар аралығында небәрі 2 жыл ішінде 68 сынақ жүргізіліпті. Тіпті 1962-жылдың қыркүйек айының өзінде 15 жарылыс болған. Сонда ядролық қару 2 күн сайын жарылып отырды. Мұны халыққа жасалған қастандық, зұлымдық деп ойлаймын. Халықтың ашу-ызасы осы қозғалыстың пайда болуына ықпал етті»,-деді тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Фарида Жаханқызы.

Семейдегі тарихи-өлкетану мұражай бұрынғы Семей полигонына қатысты құжаттарды 1980 жылдан бері жинап келеді. Кезінде жарияланбаған, құпия болған деректердің 700 ден астамы осы мұражайда сақтаулы. Олардың бірқатары «Невада-Семей» қозғалысына арналған көрмеден орын алды.

Соңғы жаңалықтар