Жарияланды: 130

“Ninety One” тобының әнін шырқаған Нұрболат Абдуллин сынға ұшырады (видео)

“Ninety One” тобының әнін шырқаған Нұрболат Абдуллин сынға ұшырады (видео)

Хитмен Нұрболат Абдуллин I am a Singer жобасында атышулы Ninety one тобының әнін шырқап, сынға ұшырады.

Сәкен Майғазиев Нұрболаттың әнді “91” сияқты орындай алмағанын айтып, оның келесі кезеңге өтуіне қарсы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Нұрболат Абдуллин жоба барысында 91-дің “Қайтадан” әнін шырқап, сахнаға өзгеше стильде киініп шықты. Мақпал Жүнісова бастаған қазылар алқасы мұны көргенде таңданыстарын жасыра алмады.

“Нұрболат көп жанрда ән айтып жүр ғой. Бірақ мына атақты “91” тобының репертуарын таңдағанына таңғалып отырмын. Жалпы жаман емес”, – деп бағалады Мақпал Жүнісова.

Халық артисі осылай дегенімен, Нұрболаттың жаңа бағытта көрсеткен өнері екі бірдей төрешіге ұнамады.
“Көрінген киімді кие беруге болмайды. Шебер неше түрлі нәрсе жасай алуы мүмкін. Бірақ жұрт оның қолтаңбасын бірден тануы тиіс”, – деп сынады Элхан Ахмедов.

Ал әдетте жастарды бірінші болып қолдайтын Сәкен Майғазиев бұл жолы әріптесін сынға алды.
“Рэп оқу өте қиын. Тыныс керек, пульс керек. Нұрболатта пульс жетіспеді. Ninety one сияқты айта алмады, жасыратыны жоқ. Бірақ енді сенің әншілігіңе күмән келтірген емеспін, келтірмеймін де. Бірақ әлі де жұмыс істеу керек. Өте керемет әншісің. Бірақ “жоқ” деймін”, – деді ол.

Ал бірақ Мақпал Исабекова әріптесінің жаңа бағытқа бет бұрғанына қуанышты екенін жеткізді.
“Сәкен ағаға қарсы сөйлемей-ақ қояйын. Бірақ сахна барлығын көтереді. Кез келген тәжірибені көтере білу керек. Әртіс деген бір образда, қалыпта қалып қоймау керек. Сондықтан мен қолдаймын”, – деп қолдау білдірді Мақпал Исабекова.

Сонымен, төрешілердің пікірі тура екіге бөлінді. Нұрболат көрермендердің қолдауымен, 3 ұпайға ие болып, келесі кезеңге өтуге мүмкіндік алды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by 31 канал (@31arna) on

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін