Жарияланды: 980

Норвегиялықтар мен қазақстандықтар Семей ядролық полигонының жабылуы құрметіне Қазақстанда веложүгіру өткізеді

Норвегиялықтар мен қазақстандықтар Семей ядролық полигонының жабылуы құрметіне Қазақстанда веложүгіру өткізеді, деп ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

«Норвегиялық «Bike for Peace» қоғамдық ұйымы 2011 жылғы тамыздың 6-29 арасында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Семей ядролық полигонның жабылуы құрметіне арналған «Семей – Алматы – Астана» веложүгіруін өткізеді», - деді ол дүйсенбі күнгі брифингте. Команда 10 норвегиялық және Қазақстанның 6 адамынан тұрады. Топта көзі нашар көретін және есту қабілеті нашарлар бар. «Олар веложүгіруді арнайы велосипед-тандеммен жүріп өтеді», - деді ҚР СІМ өкілі. І. Омаровтың айтуынша, тур Семейде 6 тамызда – 1945 жылы жапондық Хиросимо қаласына атом бомбасы тасталған күні басталады. 24 күндік веложарыс барысында оған қатысушылар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында, Алматы мен Астана қалаларында болады. Велотоп өзінің турын Қазақстан астанасында 29 тамызда Семей полдигонының жабылуының 20 жылдығына орайластырып аяқтамақшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін