Норвегиялықтар мен қазақстандықтар Семей ядролық полигонының жабылуы құрметіне Қазақстанда веложүгіру өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Норвегиялықтар мен қазақстандықтар Семей ядролық полигонының жабылуы құрметіне Қазақстанда веложүгіру өткізеді

Норвегиялықтар мен қазақстандықтар Семей ядролық полигонының жабылуы құрметіне Қазақстанда веложүгіру өткізеді

Норвегиялықтар мен қазақстандықтар Семей ядролық полигонының жабылуы құрметіне Қазақстанда веложүгіру өткізеді, деп ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

  • 2 Тамыз 2011
  • 965
Фото - Caravan.kz

«Норвегиялық «Bike for Peace» қоғамдық ұйымы 2011 жылғы тамыздың 6-29 арасында Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Семей ядролық полигонның жабылуы құрметіне арналған «Семей – Алматы – Астана» веложүгіруін өткізеді», — деді ол дүйсенбі күнгі брифингте.

Команда 10 норвегиялық және Қазақстанның 6 адамынан тұрады. Топта көзі нашар көретін және есту қабілеті нашарлар бар.

«Олар веложүгіруді арнайы велосипед-тандеммен жүріп өтеді», — деді ҚР СІМ өкілі.

І. Омаровтың айтуынша, тур Семейде 6 тамызда – 1945 жылы жапондық Хиросимо қаласына атом бомбасы тасталған күні басталады.

24 күндік веложарыс барысында оған қатысушылар Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Ақмола облыстарында, Алматы мен Астана қалаларында болады.

Велотоп өзінің турын Қазақстан астанасында 29 тамызда Семей полдигонының жабылуының 20 жылдығына орайластырып аяқтамақшы.

Соңғы жаңалықтар