Жарияланды: 450

«Ностальжи» радиосы Қазақстанда хабар таратуды тоқтатты

«Ностальжи» радиосы Қазақстанда хабар таратуды тоқтатты

Тамыздың бірінен бастап «Nostalgie 101.8 FM» радиосы Қазақстанда хабар таратуды тоқтатты.

Радиостанцияның жарнама бөлімі қызметкерінің айтуынша, бұдан былай аталған толқында «Рекорд» радиосының клубтық музыкасы трансляцияланады.
«Біз форматты өзгертіп, аудиторияны ауыстыруға бел будық. Музыка 16 мен 40 жас аралығындағы тыңдармандарға арналады», - деп түсіндірді бөлім қызметкері.
«Nostalgie 101.8 FM» радиосы эфирге 2013 жылдың 5-наурызында шыққан болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін