Радиостанцияның жарнама бөлімі қызметкерінің айтуынша, бұдан былай аталған толқында «Рекорд» радиосының клубтық музыкасы трансляцияланады.
«Біз форматты өзгертіп, аудиторияны ауыстыруға бел будық. Музыка 16 мен 40 жас аралығындағы тыңдармандарға арналады», - деп түсіндірді бөлім қызметкері.
«Nostalgie 101.8 FM» радиосы эфирге 2013 жылдың 5-наурызында шыққан болатын.