Н.Валуев қазақстандық эпостық фильмдерге түскісі келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Н.Валуев қазақстандық эпостық фильмдерге түскісі келеді

Н.Валуев қазақстандық эпостық фильмдерге түскісі келеді

Ресейлік боксшы Николай Валуев қазақтың тарихи тұлғаларының арасында өзінің дене бітіміне сәйкес келетіндер болса, қазақстандық эпостық фильмдерге түскісі келетіндігін айтты.

  • 4 Шiлде 2011
  • 538
Фото - Caravan.kz

Н.Валуев Астана күнін мерекелеу аясында елордада өтіп жатқан экшн-фильмдердің «Астана» халықаралық фестиваліне қатысу үшін арнайы келді. Ол фестивальға өзінің басты рөліндегі «Каменная башка» картинасын алып келді. Кеше кешқұрым, «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығында киноның көрсетіліміне дейін ол журналистерге арнайы сұхбат берді.

Ол, тілшілердің «өзіне қазақстандық қандай да бір картинаға түсуге ұсыныс түссе, қандай рөлді ойнағысы келетіндігі» туралы сауалына жауап бере келе, фестивальдың салтанатты ашылуы кезінде актер, режиссер, сценарийші Асанәлі Әшімовке таянып, қазақтың киносына түсуге өзі сұранғанын айтты.

«Мен оған таянып, егер кезекті қазақша эпосты түсіретін болсаңыздар, мені шақырыңыздар, қуана қатысамын дедім. Маған тарихи оқиғалар ұнайды. Әрине, менің дене бітіміме келетін тарихи тұлғаларыңыз болса, қуанышты болар едім», — деді ол.

Ал журналистердің «бір жағынан үрей тудыратын алып денесіне қарамастан, ішкі жан дүниесі сезімтал, әрі нәзік екендігін туралы көпшіліктің пікіріне қатысты өз ойын білдіруді сұрап, ер адам өзінің осал тұстарын сыртқа көрсеткені дұрыс па?» деген сауалына: «Нағыз еркек өзінің осал тұстарын барлығына көрсеткені дұрыс емес. Кез-келген адамда ішкі толқуларын сыртқа шығарғысы келетін сәттер болады. Бұл адам атаулының психикалық қасиеттері. Алып денелі еркектердің де өзі 100 пайыз сенетін адамның жанында бір рет болса да босаңсыған кездері болады. Ер адамға өзінің жанында көзсіз сене алатын адамның болуы маңызды. Өйткені ол арнасынан тасып кетуі мүмкін, оның арты жақсылыққа алып келмейді», — деп жауап қайырды.

Еске салайық, 1-5 шілде аралығында өтіп жатқан экшн-фильмдердің «Астана» ІІ халықаралық фестиваліне голливуд актерлерінің арасынан биыл Стивен Сигал, «Одиссей» фильмінің басты рөлін сомдаған Арманд Ассанте; «Убить Билла», «Бешенные псы», «Город грехов» киноларында ойнаған Майкл Медсен, экшн жанрлы фильмдерде ойнайтын, «Остаться в живых», «Аватар», «Форсаж» картиналары арқылы таныс жас актриса Мишель Родригес, ресейлік кино жұлдыздардан Сергей Светлаков, Гоша Куценко, Виктор Вержбицкий, Евгений Стычкин, Дмитрий Нагиев, Ольга Сутулова, режиссер Егор Кончаловский, Екатерина Стриженова, Николай Валуев, Наталья Гуслистая және продюсер Ренат Дәулетьяров келді.

Соңғы жаңалықтар