Жарияланды: 430

Нью-Йоркте Батырхан Шүкеновтің ұлы ҚР Президентіне әкесінің өлеңдер жинағын тарту етті

Нью-Йоркте Батырхан Шүкеновтің ұлы ҚР Президентіне әкесінің өлеңдер жинағын тарту етті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорк қаласында жүр. Елбасы онда БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясына қатысады.

Елбасын АҚШ ЖОО-ларында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген қазақстандық студенттер бірінші болып қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі.

Нью-Йорк және Колумбия университеттерінде оқып жүрген болашақтықтар, сондай-ақ Нью-Йорктегі атақты Кино өнері академиясы (New York Film Academy) мен Джордж Вашингтон университетінің студенттері Мемлекет басшысына өздерінің жетістіктері туралы айтып берді. Қазақстан Президенті оларға сабақты жақсы оқып, алған білімдерін біздің еліміздің игілігі үшін қолдануға шақырды.

Америкада білім алып жүрген қазақстандық жас азаматтардың арасында Батырхан Шүкеновтің ұлы Мақсұт та болды. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа әкесінің өлеңдері топтастырылған ән дискісін тарту етті.

Қазақстан Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласында болу бағдарламасы өте мазмұнды. Мемлекет басшысы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Пост-2015 саммитінде, Бас Ассамблеяның мерейтойлық 70-ші сессиясындағы мерейтойлық пікірталастарда сөз сөйлейді деп жоспарланған, сондай-ақ шет елдердің басшылары және үкімет басшылары, АҚШ-тың жетекші компанияларының басшыларымен көптеген кездесулер өтеді. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күрес саммитіне де қатысады деп күтіліп отыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін