Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
“Хабар” Агенттігінің “ХабарLike” телебағдарламасында журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында әнші шығармашылығына шектеу қойғанын жасырмады.
«Шынын айтайын, бүгін алғаш рет айтайын деп отырмын. Бұл ақпаратты сіздерге жеткізгім келеді. Негізі 2000 жылдары менің шығармашылығыма шектеу қойылған болатын. Енді ол кісілердің атын атамай-ақ қойсам да болады. Ол кісілер бірнеше жыл бұрын дүниеден озды. Сол кезде ресми түрде Бауыржан Исаевтың шығармашылығына шектеу қойылып, кәдімгідей тыйым салынған. Бүкіл өңірлерге хабарласып, әкімдерге менімен жұмыс жасауды тоқтатуды бұйрық ретінде шығарған болатын. Сондықтан мені концерттерге шақыруды қойды. Одан бөлек бүкіл телерадиодан менің ән, клиптерімді алып тастаған болатын», — деп ағынан жарылды әнші.