“Өле-өлгенше Асекеңнің әруағының алдында қызмет етемін”: Асанәлі Әшімовтың жары ауызашарда жылап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.6
  • 589.95
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Өле-өлгенше Асекеңнің әруағының алдында қызмет етемін”: Асанәлі Әшімовтың жары ауызашарда жылап қалды

“Өле-өлгенше Асекеңнің әруағының алдында қызмет етемін”: Асанәлі Әшімовтың жары ауызашарда жылап қалды

Бағдат Әшімова ауызашарда қазақ өнерінің абызы, марқұм жары Асанәлі Әшімовке деген сағынышының әлі басылмағанын айтты.

  • 3 Наурыз
  • 5
Фото: Видеодан скриншот. Коллаж: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Сәкен Майғазиевтің шаңырағында өткен ауызашарда Бағдат Әшімова марқұммен өткен күндерін еске алып, көз жасына ерік берді.

“Рамазан айында ескінің салтымен басыңыз ағарсын деп, жұбатайын деп, ағаңыз кетсе де ортадан қалдырмай шақырғаныңызға рахмет. Осы отырған Асекеңнің көзін көрген кісілер. Сағынышым әлі басыла қойған жоқ. Мен бақытты ғұмыр кештім. Жаманның қасында жүргенше, жақсының аяғында жат дейді. 23 жыл, 1 ай 3 күнім менің қалған өміріме азық, жол салып кетті. Асекең 70-ке толғанда ыдыс жуып, сол кісі жұтқан ауаны жұтсам ризамын деп етегінен ұстаған едім. Өзі елдің еркесі, халықтың абызы болып, мені жас балаларға ананың орнына беріп кетті. Өле-өлгенше Асекеңнің әруағының алдында, оның көзін көрген бар халықтың алдында қызмет етемін. Екінші ғұмырын, артында қалған мұрасын орнында ұстап отырамын», — деді Бағдат Әшімова.

Сондай-ақ, ол Сәкен Майғазиевке ерекше ризашылығын білдірді.

“Жас та болсаң үлкендердің батасын алып, қасында жүріп, әңгімелерін тыңдап жүретінсің. Ағаң да өзіңмен әңгіме-дүкен құрғанды жақсы көруші еді. Асекең “естір құлақ болса, әңгіме жетім болмайды” дейтін. Әңгімесін жетім етпедіңдер. Ризамын”, — деді ол.