Жарияланды: 50

Омбыда "Қазақфильм" туындылары көрсетіледі

Омбыда "Қазақфильм" туындылары көрсетіледі Сурет - Brod.kz

16 желтоқсан күні Омбы қаласының "Вавилон" кино орталығында Қазақстан киносы фестивалі аясында Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ туындылары – Ақан Сатаевтың "Елбасы жолы. Астана" және режиссер Адай Әбілдиновтың "Күлтегін" толықметражды анимациялық фильмі көрсетіледі. 

"Елбасы жолы. Астана" фильміне елордамыз – Астананың салыну тарихы арқау болған. Ал тарихи "Күлтегін" анимациялық фильмі көшпенді халықтардың басын біріктіріп, Ұлы көшпенділердің дәстүрін жалғастырған түрік қағанатының даңқты әскери қолбасшысы Күлтегіннің балалық шағы туралы баяндайды.

Айта кетсек, 2020 жылдың қаңтар айында өтетін Омск қаласындағы Қазақстан киносы фестивалі шеңберінде "Қазақ хандығы. Алтын тақ" тарихи фильмінің орыс тілінде титрлері бар нұсқасы көрсетіледі. Бұл туындың режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, сценарист әрі суретші Рүстем Әбдірашев.

Бұл ауқымды тарихи фильм Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш" романының негізінде  жазылған "Қазақ хандығы" кинодиологиясының бірінші бөлімі.

Естеріңізге сала кетсек, бұл фильм 15 ғасырда Қазақ хандығының құрылуы және Жәнібек пен Керей сұлтандардың тарихи орындары туралы баяндайды. Жобаның идея авторы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін