"Омырауым ашық, оның ұят түгі де жоқ": Қазақ қыздарын ашық-шашық киінуге шақырған Баян Алагөзова тағы да елді шулатты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.23
  • 534.96
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Омырауым ашық, оның ұят түгі де жоқ": Қазақ қыздарын ашық-шашық киінуге шақырған Баян Алагөзова тағы да елді шулатты

"Омырауым ашық, оның ұят түгі де жоқ": Қазақ қыздарын ашық-шашық киінуге шақырған Баян Алагөзова тағы да елді шулатты

Атышулы продюсер Баян Алагөзова тағы да жұрттың қызу талқысына түсті.

  • 17 Маусым
  • 14388
Фото - Caravan.kz

Бұл жолы көпшілік оны қазақтың оюын іш киімге жабыстырғаны үшін, елден оңбай сөз естіді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.

Жұрттың қатаң сынынан шаршаған Баян Ал агөзова мұндай сыннан еш ұялмайтынын жеткізген.

«Мен отыз жылдпн бера шоу бизнесте жүрмін. Осы отыз жылда даттаудың да, мақтаудың да түр-түрінен өттім. Қазір тағы да халық мен және менің командамның қыруар еңбегін жоққа шығарып, таптап тастамақшы болып отыр. Бірақ маған қалай қиын, ащы болса да, мен ешқашан тоқтаған емеспін, керісінше, алдығы қарай ілгері баса бердім…

Сіздер мені тағы да сынай берсеңіздер болады, бірақ мен өзім қалай дұрыс деп санаймын, солай жүре беремін…

Мына суретте менің омырауым ашық, бірақ мен одан еш ұялмаймын, себебі ол да аяқ пен қол сияқты дененің бір мүшесі. Сондықтан құдай берген сыр келбеттің түк ұяты жоқ деп санаймын. Осылай ұят деп ескінің көлеңкесінде қала берген сайын, бізге алға жылжымаймыз, керісінше кері кетеміз. Мен әлі де ақылдылар мен көзі ашықтардың көкірегі қараңғылардың жеңетініне сенімдімін», — деп жазды ол.

Айта кетейік, Баян Алагөзованың «КешЮ» тобы шетелдік Снуп Дог атты әншімен сахнада өнер көрсетіп, іш киімдерінде қазақтың оюы бар образбен ел алдына шыққан еді. Халық мұны ерсі көріп, продюсер мен оның әнші қыздарын жаппай сынап тастаған болатын.