"Өнер академиясында сессия секспен шешіле ме?" Актриса Салтанат Құдайберген шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Өнер академиясында сессия секспен шешіле ме?" Актриса Салтанат Құдайберген шындықты жайып салды

"Өнер академиясында сессия секспен шешіле ме?" Актриса Салтанат Құдайберген шындықты жайып салды

Дәстүрлі әнші Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтердің қызы, актриса Салтанат Құдайбергенова өзі білім алған Т.Қ.Жүргенов атындағы өнер академиясындағы "сессияны секспен шешкен" қыздар туралы естігенін айтты. 

  • 24 Қараша 2022
  • 837
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Aman Tasygan LIVE YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Журналистің "Т.Қ.Жүргенов атындағы өнер академиясында оқыдың. Ол жерде "сессия — секспен шешіледі" деген көзқарас пайда болды. Расында солай ма?" деген сауалына Салтанат Құдайбергенова жауап берді.

"Ол қызға, адамның өзіне байланысты. Менде ешқашан ондай жағдай болмапты. Бірақ, естейтінмін сондай қыздар бар екенін. Тіпті, кім екендерін білетінмін. Майшам ұстап, өз көзіммен көрмеген соң түк те айта алмайсың", — деді ол.

Сондай-ақ, сұхбат барысында "өзім үшін туып алдым" дейтін қыздарға қатысты көзқарасы туралы да айтқан.


"Егер, отбасы құруды қаламаса, дұрыс шығар. Менде де сондай ой болған. Тұрмысқа шықпасам, өзім үшін туып аламын деп айтқаным есімде. Бірақ, анам ұрсып берді", — деген. 

Соңғы жаңалықтар