Опера және балет өнерінің халықаралық фестиваліне Ресей мен Италиядан артистер келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Опера және балет өнерінің халықаралық фестиваліне Ресей мен Италиядан артистер келеді

Опера және балет өнерінің халықаралық фестиваліне Ресей мен Италиядан артистер келеді

22-26 маусым аралығында Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған опера және балет өнерінің Халықаралық фестивалі өтеді, деп мәдениет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Маусым 2011
  • 516
Фото - Caravan.kz

Концертке фестиваль қонақтарымен қатар солистер, хор, балет, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі қатысады.

Ресейдің Үлкен театрының солистері – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Павел Черных, Руслан Скворцов, Нина Капцова, Санкт-Петербурдың Мариин театрының солисі Злата Булычева, Анастасия Колегова, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Данила Корсунцев, Италиялық солистер Даниэла Скилаччи, Леонардо Граменья, Альдо Капуто, дирижер Фабио Мастранджелло Фестивальге арнайы шақырылып отыр.

Атап айтқанда, 22 маусым күні Г. Доницеттидің «Любовный напиток» операсы шырқалса, 23 маусымда С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта» балеті көрсетіледі. 24 маусымда көрермендер назарына Дж.Вердидің «Аида» операсы ұсынылмақ. 25 маусымда өнерсүйер қауым П. Чайковскидің «Лебединое озеро» балетін тамашалай алады. Ал 26 маусымда Фестиваль үлкен Гала-концертпен аяқталады.

Соңғы жаңалықтар