Жарияланды: 570

Оралда Федор Шаляпиннің құрметіне арналған концерт өтеді

Бүгін, 2-қыркүйекте Оралда ұлы әнші Федор Шаляпинді еске алу құрметіне арналған концерт өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық филармония директорының орынбасары Феликс Баюканский хабарлады.

Шаляпин Оралда 1891-жылы концерт қойған. Әнші сол жылы бес күн ішінде үш концерт берген көрінеді. Оралда сол кезде әнші тұрақтаған ескерткіш үй бар. Ұлы әншінің Оралдағы сол концертін еске алу үшін облыстық филармонияның жетекші әртістері арнаулы концерт әзірледі. Оған Марат Бисенғалиевтің басқаруындағы камералық симфониялық оркестр де қатысады. Батыс Қазақстан облыстық өнер шеберлерінің "Ашық оттың жанындағы филармониялық кештіктер" деп аталатын классикалық музыка циклдерінен құралған жаңа музыкалық жобасы осы Шаляпинді еске алу құрметіне арналған кештікпен басталғалы отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть